• Таң: 06:49
  • Ақшам: 19:08
khiluet@gmail.com +77785550055

«Хилует» мешіті негізіндегі рухани орталық

Түркістан қаласы діни-рухани орталық болғаны ортағасырлық Қазақстан тарихынан белгілі.

«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының мұрағатында бар карта дерегіне сүйенсек,1920 ж. Түркістан өңірінде 62 мешіт болған. Бұлардың көбісі дерлік бертін келе 1930 ж. Кеңес өкіметінің солшыл саясатының әсерінен бұзылып қиратылды. Қоқан хандығы кезеңінде, Түркістанның мұсылман әлеміндегі діни орталықтың бірі ретіндегі маңызы сақталды. Сол кездегі Әулие ата, Шымкент, Сайрам т.б қалаларда мешіт-медреселер, мазарлар қайта қалпына келтіріліп ислам дінін өркендетудің алғы-шарттары жасалды.

Түркістандағы қазіргі Түркістан-Шымкент жол торабында орналасқан №33 үйдегі Хилует мешіттің орнында ХІХ ғ. ІІ жартысында Хұдояр ханға ханның өз рұқсатымен Ыбырайым молда Хан мешітін салғызған. Мешіт орналасқан А.Батырбеков көшесі күні кешегіге дейін Хан көшесі аталып келген. Мұның мәнісі осы көшенің бас жағында қазіргі Рабиға Сұлтан бегім көшесінің қиылысында, бұрыла бергендегі № 19 үйдің орынында Хан Худоярдың өз тұрағы болған дейді, аталған көшенің (Хан көшесі) тұрғыны ақсақал Рақым Қадыров. Мұндай Хан мешіті Түркістан қаласында екеу болған (қайта қалпына келтірілген) бірі Ескі Түркістаннның шахарістанында (әкімшілік бөлігі) басты магистраль көше Жеті атаның бойында болса, Мұндағы мешіт Хан ордаға жақын болған сондықтан қазақтың хандары т.б. игі жақсылары осы жерде намазын оқыған. Екіншісі Худояр ханға арнайы салынған рабадта орналасқан Хан мешіті деуге толық негіз бар.

Көненің көзінен, жұрттың сөзінен қалмай келе жатқан мешіт жоғары да аталып кеткен Баб Араб, Сейітмұрат мешіттерімен бір қатарда қиратылған. Тек, Сталин қайтыс болған соң ғана 1960 ж. ескі мешіт орынына жаңадан Текелік ұсталардың көмегімен бір күмбезді, айваны теріскей бетке қаратылып салынған кішігірім мешіт салынады.

Кейіннен мешітке келушілердің көбейуіне байланысты 1980 жылы толық сүріліп, қайта салынған. 2020 жылы мешіт жарамсыз деп танылуына байланысты бұзылған.

Қазіргі таңда, бұл мешіттің Түркістан қаласында тарихи маңыздылығын ескере отырып, қайта салу және мешіт аумағында заманауи оқу орны – медресе, Құран қарилар дайындау орталығы салынуы жоспралануда.

Осыған орай, аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында «Хилует» қайырымдылық қоры ашылды.

Қазіргі қоғамымыздағы ең маңызды және өзекті мәселенің бірі дін атын жамылған түрлі ағым өкілдеріне қарсы рухани жетілген, ұлттық құндылықтарын ұлықтай білетін, кемелденген тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Ол міндет – діни білімнен басталады.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының 2021 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сай, ұлттық кодымызды, рухани құндылықтарымызды жаңғыртуға және діни сауатты ұрпақ қалыптастыруға септігін тигізетін Ислам дінінің рухани орталығын қалыптастыру қажеттілігі орын алып отыр. Яғни болашақ рухани астанасы болып табылатын Түркістан қаласында орналасқан Хилует мешітін Республикалық мешіт деңгейіне көтеріп, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Қайырымдылық мекемесін, Құран қариларын дайындау орталығын мешіт базасында құру міндеті туындап отыр.